4 қарашада Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚҚД қызметкерлерімен бірлесіп үш ер адамды ұстады. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер қамауға алынды.
Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды, – деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.
Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: