Алматы облысында той кортежінің көліктеріне 14 хаттама толтырылған

1 Қыркүйек 2020, 11:05
1506
Бөлісу:
Алматы облысында той кортежінің көліктеріне 14 хаттама толтырылған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Той кортежіндегі джип жүргізушілері көлік құралын басқарудан шеттетіледі. Олардың көліктері Алматы облысының айыптұрағына қойылды.

Polisia.kz хабарлауынша, Cadillak Escalade маркалы джиптердің 29 жастағы С. және Б. есімді жүргізушілеріне, сондай-ақ Toyota Land Cruser-дің 26 жастағы Т. есімді жүргізушісіне қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ, Toyota Land Cruser көлігінің 23 жастағы Е. есімді жолаушысы қаруды заңсыз алып жүргені және қолданғаны үшін ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 


Аталмыш көлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ҚК бірден бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылған: 1. 590-бабы 2-бөлігі, 2. 590-бабы 7-бөлігі, 3. 606-бабы 1-бөлігі, 4. 612-бабы 1-бөлігі, 5. 595-бабы 1-бөлігі, 6. 596-бабы 1-бөлігі, 7. 596-бабы 2-бөлігі, 8. 230-бабы, 2-бөлігі, 9. 603-бабы 2-бөлігі.

Бұдан бөлек, автокөлікке заңсыз орнатылған жарық және дыбыстық құрылғылар тәркіленді. Көліктер арнайы айыптұрағына қойылды. 

Қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы