Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Той кортежіндегі джип жүргізушілері көлік құралын басқарудан шеттетіледі. Олардың көліктері Алматы облысының айыптұрағына қойылды.
Polisia.kz хабарлауынша, Cadillak Escalade маркалы джиптердің 29 жастағы С. және Б. есімді жүргізушілеріне, сондай-ақ Toyota Land Cruser-дің 26 жастағы Т. есімді жүргізушісіне қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ, Toyota Land Cruser көлігінің 23 жастағы Е. есімді жолаушысы қаруды заңсыз алып жүргені және қолданғаны үшін ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Аталмыш көлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ҚК бірден бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылған: 1. 590-бабы 2-бөлігі, 2. 590-бабы 7-бөлігі, 3. 606-бабы 1-бөлігі, 4. 612-бабы 1-бөлігі, 5. 595-бабы 1-бөлігі, 6. 596-бабы 1-бөлігі, 7. 596-бабы 2-бөлігі, 8. 230-бабы, 2-бөлігі, 9. 603-бабы 2-бөлігі.
Бұдан бөлек, автокөлікке заңсыз орнатылған жарық және дыбыстық құрылғылар тәркіленді. Көліктер арнайы айыптұрағына қойылды.
Қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.