Алматы облысында тауда адасқан екі жасөспірім құтқарылды

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер өздігінен жол таба алмай жүргендерін хабарлап, көмек сұраған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 27 Шілде 2026, 08:32
27 Шілде 2026, 08:32
103
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қасқыр тауы маңында жорық кезінде бағытынан жаңылған екі жасөспірімді ТЖМ құтқарушылары аман-есен тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер өздігінен жол таба алмай жүргендерін хабарлап, көмек сұраған. Кейін ұялы телефон қуатының таусылуына байланысты олармен байланыс үзілген.

Хабарлама түскен бойда іздестіру жұмыстарына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жасөспірімдерді Қасқыр тауының беткейінен тауып, қауіпсіз бағытпен Өтпелі шатқалына дейін алып шықты.

Абырой болғанда, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін жасөспірімдер ата-аналарына табысталды.

 

Наверх