Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында тағы бір қоғамдық қордың басшысы ұсталды

18 Маусым 2025, 15:05
393
Бөлісу:
 Алматы облысы Полиция департаменті
Фото: Алматы облысы Полиция департаменті

Алматы облысында қоғамдық қорлардың бірінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу органдарының мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарын репатриациялау үшін көмек көрсету сылтауымен халықтан ақша жинаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жиналған қаражат мақсатсыз жұмсалған.

“Сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрін таңдады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда “Елге көмек” қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Өткен жылы “BizBirgemiz” қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Өзгелердің жаңалығы