Алматы облысында тағы бір ауылға газ тартылды

11 Ақпан 2022, 12:15
1285
Бөлісу:
Алматы облысында тағы бір ауылға газ тартылды

Алматы, BAQ.KZ. Панфилов ауданындағы Көктал ауылына көгілдір отын тартылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көкталдық тұрғындар үшін жаңа жыл қуанышпен басталды. Нақыталсақ, ақпанның 7-сі ақ түйенің қарны жарылған күн ретінде есте қалды. Басты себеп-көгілдір отынға қол жеткізу. Осылайша, Талдықорған маңындағы Көктал ауылының жұрты жылыту маусымының машақатынан арылуда.

Көктал ауылында сегіз мыңнан астам тұрғын болса, соның 600-і газ қосуға дайын. Кешелі бері 10 үйге газ берілді. Енді рет-ретімен тексеріп, қоса береміз. Газ бағасы – 31,70 теңге. Жалпы құрылыс жұмыстары ерте біткенімен, арнайы техникалық сынақтар кезінде кемшіліктер белгілі болды,-дейді «ЖетісуОблГаз» ЖШС мекемесінің басшысы Зияш Қияқбаев.

Ауыл халқының газға ерте қолжеткізуіне құбырлардың бұзылуы кедергі келтірген.  Қаңтар айында  олқылықтарды реттеу жұмыстары жүргізілген.
Зияш Қияқбаев өз сөзінде,  беріктігі бойынша, герметикалық жағдайдағы сынақтан толық өтті. Сапасы төмен материалдар ауыстырылғандығын атап өтті.

Көгілдір отынға бірінші болып қол жеткізгендердің бірі - Оңалбай Жексенбинов. Ол Алдабергенов көшесінде 20 жылдан астам уақыт тұрып келеді.  Қатты отынның азабынан құтылғандардың қатарында 11 баланың анасы 77 жастағы Кенжеқыз Ержанова мен сол үйдің 82 жастағы ақсақалы Исатай Ержанов та бар. 

 

Осы уақытқа дейін қыс мезгілінде  10 тонна көмір жағып жүргенбіз, бүгін көптен күткен қуаныш. Газ-жанның рақаты. Ауыл тұрғындары атынан жұмысқа атсалысқан барша қызметкерге алғыс білдіреміз,-деді қос қария.

Жаңалық көшесінің тұрғыны Арыстан Қалибекұлы газды екі жыл күткендігін жеткізіп, өз тарапынан жылы лебізінде білдірді. Айта кетелік, Газ құбыры орнатылған үйлер шетінен көгілдір отынға қосылуда.
 

Өзгелердің жаңалығы