Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында тағы бір абақтыда карантин күшін жоюы мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ол – Заречный ауылындағы ЛА-155/14 түзеу мекемесі. Жуырда абақтыдағы қызметкердің бірі COVID-19 инфекциясымен күдікке алынған. Жедел уәкіл жұмыстан босатылып, дереу аурухана еміне жіберілді. Ол ангинамен Қапшағайдағы емдеу мекемесіне ем-домға жүгінген. Екі күн бұрын коронавирусқа сынама тапсырып, алғашқы нәтижелері расталған. Қызметкер ауруханаға жатқызылып, колонияның барлық жеке құрамы казармалық жағдайға ауыстырылды. Алайда, арнайы әдіспен қайта жасалған тест науқастың ағзасында қауіпті індеттің жоқтығын дәлелдеді. Қазір дәрігерлер тестілеудің үшінші нәтижесін күтіп отыр.
Айта кетейік, дәл осындай жағдай өткен демалыс күндері әйелдер колониясында тіркелген еді. Коронавирус күдігімен қамаудағы жүкті келіншектің ағзасынан қайта алынған сынама теріс нәтиже көрсетті. Жазасын өтеуші аман-есен босанды. Жақын күндері ол ауруханадан түзеу мекемесіне көшіріледі. Сондай-ақ босанған келіншектің амнистияға іліккені белгілі болды. Енді оның жазадан шартты түрде босату туралы өтініш беруге құқы бар.

10 қызметкермен байланыста болған тұлғалар анықталды, Олардан барлық сынамалар алынып, теріс нәтиже көрсетті. Ұлттық гвардияның 34 қызметкерінің де сынамалары теріс нәтиже көрсетті. Олар сотталғандармен байланыста болмаған, - дейді облыстық ҚАЖД бастығы Серік Әбдікәрімов.