Алматы облысында су құбыры жарылып, салдарынан лай көшкіні жүрді

8 Шілде 2021, 22:13
2563
Бөлісу:
Алматы облысында су құбыры жарылып, салдарынан лай көшкіні жүрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖ департаменті Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылынан жоғары орналасқан "Горный садовод" бау-бақша қоғамында су құбырының жарылу салдарынан балшық қоспасы түскені туралы хабарлама келіп түсті.

Жүргізілген зерделеу нәтижелері бойынша диаметрі 50 мм су құбырынан судың ағуы салдарынан топырақтың ылғалдануы орын алғаны, бұл сырғыманің пайда болуына әкелгендігі анықталды. Сырғыма техногендік генезиске жатады.

Оқиға салдарынан 6 саяжай үйлері қираған, олардың 3-і қараусыз қалған, тағы бір саяжай жартылай зардап шеккен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Шамамен балшық массасының көлемі 50 мың текше метр, ұзындығы 200 метр, одан әрі түсу шамамен 310 м, алдын-ала жалпы ұзындығы 510 м, түсу орнынан ені 50 метр және соңына таман 7 м, биіктігі 1-ден 7 метрге дейін жетті.

Қазіргі уақытта аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Зардапртарды жою жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ҚР ТЖМ №28237 әскери бөлімі, ҚР ТЖМ АШҚЖ, "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласы Апаттар медицина орталығы, Алматы облысы полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы