Алматы облысында шыққан өрт орман қорына таралды

24 Сәуір 2024, 23:20
513
Бөлісу:
Алматы облысында шыққан өрт орман қорына таралды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

ЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы