Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Жас Отанның" баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылды елді мекендерді дамытудың тиімді механизмі қандай? Қазақ әдебиетінде қай шығарма әлемдік бестселлер болуға лайық? Сұраныс аз мамандықтарға грант бөліп керек пе? Адам құқығы маңызды ма әлде ұлт мәселесі ме?
Осы сұрақтарға Алматы облысы, Сулейман Демирел атындағы университетте өткен пікірсайыс турнирінің қатысушылары жауап іздеді. Жылда өтетін «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған Республикалық пікірсайыс турниріне еліміздің барлық өңірінен 20 команда, барлыңғы 50 адам қатысып, қазақ лигасында Шымкент қаласынан келген топ, ал орыс лигасында Ақмола облысының жастары жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар екі лигада да 2 орынды Алматы каласы, 3 орынды Жамбыл облысының пікірсайысшылары иеленді.
Айта кетейік аталмыш республикалық пікірсайыс турнирі партияның «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Оқи отырыңыз: