Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртенді

70-ке жуық адам жұмылдырылды

 скрин 5 Қыркүйек 2026, 23:50
5 Қыркүйек 2026, 23:50
115
Фото: скрин

 

 
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өрт Нұрлы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде, Іле өзенінің маңындағы ашық аумақта шыққан.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің төрт ошағының үшеуі оқшауланды. Төртінші учаскеде жалынды сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Өрт аумағының батпақты әрі жетуі қиын жерде орналасуы мамандардың жұмысын күрделендірген. Өрт ошағына апаратын кірме жолдардың болмауына байланысты арнайы және ауыр техниканың өтуі үшін жол салынуда.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, Шелек орман шаруашылығының мамандары және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының экипажы жұмыс істеп жатыр. Жалпы өртті сөндіруге 70-ке жуық адам, 21 техника және тікұшақ жұмылдырылды, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Наверх