Алматы облысында қуаттылығы жылына 120 мың тонна ет өнімін шығаратын құс фабрикасы салынады

1 Желтоқсан 2022, 12:34
1923
Бөлісу:
Алматы облысында қуаттылығы жылына 120 мың тонна  ет өнімін шығаратын құс фабрикасы салынады

Алматы облысында AITAS холдингіне қарасты «Жетісу» құс фабрикасы салынады. Кәсіпорын жылына 120 мың тонна ет өнімін шығармақ. Фабрика құрылысы 2024 жылы басталады, ал I кезек 2026 жылы, II кезек 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы холдингтің негізін қалаушы Серік Толықпаев Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевпен болған кездесу барысында мәлімдеді. 

Серік Толықпаев құс фабрикасының іске қосылуы 3,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Құс етін шығару үшін фабрикада еуропалық стандарттарға сай келетін және ең жаңа деген құрал-жабдық қолданылады. Ал жұмыртқадан бастап сөредегі дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтитын қалдықсыз және экологиялық өндіріс циклі «халал» стандартарына сай келеді және бүкіл компания тобы бойынша жасыл технологияларды белсенді түрде дамыта бастаған холдингтің экологияны қолдайтынын көрсетеді. 

Облыс бюджетке салық төлейтін және жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорынға ие болады. Жаһандық тұрғыдан алып қарағанда, «Жетісу» құс фабрикасы импорт алмастыруға қатысып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін және тамақ индустриясын дамытуға үлес қосады. Соңғы екі-үш жыл ішінде орын алған әлемдік оқиғалар азық-түлік шығаратын жергілікті кәсіпорындардың болғаны және халықаралық тасымал мен геосаяси жағдайдан тәуелсіз болудың қаншалық маңызды екенін, – деп мәлімдеді ол. 

Серік Толықпаев мұндай ауқымды жобалардың іске қосылуы облыстың да, жалпы мемлекеттің де экономикасына мультипликатив түрде әсер ететінін жеткізді: «Инвестициялар мен кәсіпорын жұмысы аймақ дамуына тікелей оң ықпал етеді – халық жұмысқа орналасады, жергілікті тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, сонымен қатар көлік тасымалы мен құрылыстан бастап клинингке дейінгі түрлі сервис ұсынатын жанама салалар табыс таба бастайды». 

AITAS өкілі әлеуметтік ортаның дамуын да атап өтті. 

Холдингімізге кіретін Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының экономика, денсаулық сақтау, туризм, экология және абаттандыру бағытындағы, Білім беруді тұрақты дамыту қорының оқыту саласындағы жобалары біздің кәсіпорындар орналасқан аймақтарда жүзеге асырылуда. Алматы облысында да біз ауылдық аймақтарды жақсартуға және қала мен ауылдағы білім айырмашылығын қысқартуға үлес қосатын боламыз, – дейді ол. 

«Aitas KZ» АҚ бас директоры Евгений Пановтың айтуынша, фабрика аумағында құс бағатын 192 аумақ, жем зауыты, элеватор, құс өңдейтін зауыт және инкубатор салынбақ. 

2026 жылғы I кезектің іске қосылуы фабрикаға жылына 60 000 тоннаға дейін ет өнімін шығаруға мүмкіндік береді. II кезектен соң бұл көрсеткіш 120 000 тоннаға дейін артады. Кәсіпорын бойынша инвестицияның жалпы көлемі 128 млрд теңгеден асады, – деп хабарлады Евгений Панов. 

Облыс басшысымен болған кездесу барысында «Nauryz Agro» Алматы асыл тұқымды құс репродукторы жұмысы да талқыланды. 2020 жылы іске қосылған бұл репродуктор AITAS холдингіне кіреді және Қазақстандағы инкубациялық жұмыртқа шығаратын ең ірі ауыл шаруашылық кәсіпорны болуды мақсат етіп отыр. 400-дей адам қызмет ететін мекеме жылына 80 млн инкубациялық жұмыртқа шығаратын қуатқа ие. 

Екі кәсіпорын бойынша Алматы облысына қатысты инвестицияның жалпы көлемі 152 млрд теңгеден асады. 

Өзгелердің жаңалығы