Алматы облысында қару-жарақ жасырған күдіктілер ұсталды

1 Наурыз 2022, 02:28
1363
Бөлісу:
Алматы облысында қару-жарақ жасырған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция ұрланған қару-жарақты күдіктілердің үйінің маңынан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іске қатысты Қарасай ауданының 29, 28 және 26 жастағы тұрғындары ұсталған.

Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Берік Әбілбековтің мәлімдеуінше, күдіктілерге 5 қаңтарына қараған түні "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар деген айып тағылды.

Ұсталғандардың бірі үш иір ойықты, үш тегіс ұңғылы мылтық, винтовка, ок-дәрі, аңшылық жинағы бар чемодан мен сөмкелерді үй інің ауласына көмген, – деді ол.

Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағанын айтып берді. Тергеушілер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қылмыстық іс ҚК-тің 291- бабы, 3-бөліміне сәйкес тергелуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Өзгелердің жаңалығы