Алматы облысында полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

11 Қыркүйек 2022, 18:58
1111
Бөлісу:
Алматы облысында полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Алматы облысында полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған оқиға Талғарда орын алған. Екі патрульдік полиция қызметкері көпірден секіруге тырысқан кәмелетке толмаған қызды құтқарып қалды. 

Тәртіп сақшылары 16 жастағы жасөспірім қыз көпірде тұрып, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетін байқаған. 

Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша, суицидті болдырмады, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов. 

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды тыныштандырып, үйіне апарып, ата-анасына табыстады. 

Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Қыз әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасу себепті өмірімен қош айтыспақ болған.  

Өзгелердің жаңалығы