Алматы облысында полицейге күш қолданған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

10 Ақпан 2021, 20:38
1753
Бөлісу:
Алматы облысында полицейге күш қолданған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбай, оған қарсы күш қолданған мас тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбай, оған қарсы күш қолданған мас тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кеше түнгі 22-00 шамасында Балқаш ауданы Бақанас ауылының полицейлеріне хабарласқан жергілікті тұрғын ішімдікке сылқия тойып алған туысының отбасылық жанжал шығарып жатқанын айтып, көмекке келулерін сұраған. Мас жігіт оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторының заңды талабына бағынудан бас тартып, билік өкілімен төбелескен. 

Қоңырау түскен соң учаскелік полиция инспекторы аталған үйге барғанда 33 жастағы ауыл тұрғыны оған күш қолдануға тырысқан. Дегенмен қоян-қолтық ұрысқа машықтанған тәртіп сақшысы бұзақыны жөнге салып, полиция бөліміне жеткізген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану)  сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, – деді Балқаш ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы Дәурен Құтпанов. 

Тексеру барысында ауыл тұрғынының тәртіп сақшысының денсаулығына залал келтірмегенімен, погонын жұлып алғаны анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында масаң күйде отбасылық жанжал шығарудың және полицияға қарсы күш қолданудың себептері анықталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы