11 жасар бала абайсызда Қаскелең өзеніне құлап кетіп, бір тәуліктен астам уақыт оны іздестіріп жатыр. Ол отбасымен демалыста болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баланың туыстары еріктілерден баланы іздеуге қол ұшын беруді ұрап отыр.
Әли туыстарымен бірге өзеннің жанында демалып жатқан. Бала өзен жағасында суретке түскісі келіп, аяғы тайып кетіп, өзенге құлап кеткен. Анасы ұлын құтқаруға тырысқанмен нәтижесіз болған, - делінген Instagram хабарламасында.
Алматы облысы ТЖД мәліметінше, Қарасай ауданының Қаскелең шатқалында абайсызда Қаскелең өзеніне құлап кеткен бала туралы хабарлама 18 тамызда сағат 14:40-та түскен.
Шақырту орнына Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері - 8 қызметкер мен 2 техника, Алматы РЖҚЖ жеке құрамы - 8 құтқарушы мен бір техника дереу жіберілді, - деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, іздеуге 80-ге жуық адам, оның ішінде полиция қызметкерлері, туыстары, жергілікті тұрғындар және еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.