Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД-і хабарлады.
Қайғылы оқиға болған жерде түсірілген видео instagram-дағы baiserke_region парақшасында жарияланды.
Адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы 10 қыркүйек күні Іле ауданында Қосөзен-Шелекемер тасжолы бойында болған.
Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Қосөзен-Шелекемер автожолымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауруханаға апара жатқан жолда бала көз жұмды, - делінген хабарламада.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.