Алматы облысында мектептің қарама-қарсысында машина жарылды

15 Мамыр 2024, 21:50
366
Бөлісу:
Алматы облысында мектептің қарама-қарсысында машина жарылды
Фото: baq.kz

15 мамырда сағат 18:16-да Өтеген батыр ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімшесінің байланыс желісіне Рысқұлбеков көшесінде көліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен әлеуметтік желіде №24 мектептің жанында жеңіл көлік жарылғаны туралы ақпарат тарады.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты ресми сауалды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі берді.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер "Volkswagen Passat" маркалы жеңіл көліктің моторы орналасқан бөлігінің 1 шаршы метрі қызыл жалынға оранғанын анықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары сапынан төрт қызметкер және бір техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы