Алматы облысында коронавирус жұқтыру дерегі біртіндеп төмендеп келеді

13 Қыркүйек 2021, 13:05
4003
Бөлісу:
Алматы облысында коронавирус жұқтыру дерегі біртіндеп төмендеп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты. Ол соңғы екі аптада облыс бойынша коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9%-дан 0,7%-ға төмендегенін алға тартты.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте 290 жағдай анықталған, оның ішінде, індет жұқтырғандардың 15-і балалар.

Өңір «қызыл аймақта». Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-250-ге жуық адам түседі. Бүгінде инфекциялық стационардың жүктелуі 55%-ға тең. Нақтылап айтар болсақ, 6080 төсек-орынның 3360-ы бос емес. Реанимация бөлімінде 97 адам жатыр, ол 19%-ды құрайды, - деді Батыржан Байжұманов.

Алматы облысында коронавирус жұқтыру дерегі біртіндеп төмендеп келеді

Сондай-ақ 6877 пациент амбулаториялық ем қабылдап жатқан көрінеді. Аталған пациенттерге 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар облыс халқына 206 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы