Алматы, BAQ.KZ. Вирус анықталған төрт адам да бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызмететі хабарлады.
Алматы облысының Кеген ауданында тағы 4 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру барысында анықталды. Олардың барлығы да бұрын ауырғандармен байланыста болғандар, - делінген хабарламада.
1989, 1950, 1992, 1990 жылы туған азаматтар Есік қаласындағы аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.