Алматы, BAQ.KZ. Zhetysu.komek109.kz сайты арқылы 700 адам 15 мың теңгелік өтемақыға өтінім берген. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Осы уақытқа дейін облыс бойынша 700 адам өтінім беріп үлгерген. Аталған сайттың операторы түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істеп, келіп түскен өтінімдерді тіркеу үшін аудандарға жіберуде. Сондай-ақ, коммуналдық ұйымдардың тұтынушылары Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жергілікті атқарушы органға жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және облыстың әрбір өңірінің жеке дербес шотының деректерін ұсына отырып өтініш бере алады, - делінген хабарламада.Айта кетсек, Үкіметтің қаулысына сай карантин уақытында осал топтағы тұрғындардың коммуналдық өтемақысын төлеу ісі қолға алынған. Бұл санатқа жататындардың дербес шотқа екі ай бойы 15 мың теңге көлемінде қаражат аударылады.