Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында карантин күшейтіледі. Бұл туралы «Jetisy media» сайтында өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді.
Карантин 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін күшейтілмек. Оған КВИ инфекциясының көбеюі себеп болып отыр.
Жаңа жылдық кештер мен мерекелік корпоративті іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Аймақта коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстары жалғасуда. Соған сәйкес қажетті шектеулермен карантиндік режим сақталады. Соңғы 3 айда аурудың өсуі байқалды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, елде бұл аурудың максималды өсуі 2021 жылдың қаңтар және ақпан айларында болады деп болжануда. Соңғы айда инфекцияның ең көп саны Талдықорған, Текелі, Панфилов, Қалалар, Еңбекшіқазақ, Көксу, Талғар, Іле, Ұйғыр аудандарында тіркелді.Бүгінде Панфилов ауданы қызыл аймақта тұр. Сары аймақта Талдықорған, Текелі қалалары, сондай-ақ Көксу және Ұйғыр аудандары бар, - дейді Батыржан Байжұманов.
Сонымен қатар баспасөз мәслихаты барысында оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 9, 11, 12-сыныптарға біріктірілген білім берілетіні белгілі болды.