Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл туралы Алматы облысының бас санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.
Жаңа қаулыға сәйкес:
Қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады.
Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.
Атап айтсақ, келесі нысандардың қызметі бұрынғыша тоқтап тұр:
50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана, кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
Саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
Ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
Оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
Ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.
Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.