Алматы облысында қанша ауылға интернет жетпегені белгілі болды

1 Қараша 2021, 15:13
878
Бөлісу:
Алматы облысында қанша ауылға интернет жетпегені белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының Цифрлы технологиялар басқармасының Ақпараттық технолгогияны дамыту және енгізу бөлімінің басшысы Жандос Ақыл облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, қазір халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру жұмыстары жүріп жатыр, ол бойынша жыл сайын 15 мың адам арнайы оқудан өтеді екен. Бұл жоспардан 1,5 есеге артық. Облыстың барлық мектептері компьютерлік техникамен жабдықталып, интернет желісіне қосылған.

Облыстағы 732 ауылдың 700-і интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 660 ауылда мобильді интернет бар. 2019-2020 жылдар аралығында 220 ауылға жоғары оптикалық байланыс желісі тартылды. Осы жылы «Қазтранстелеком» мекемесі 24 ауылға жоғары жылдамдықты интернетті өз қаржысына тартып берді. Бұрын ауылда интернет бар ма әлде жоқ па деген сұрақ болса, қазір интернеттің жылдамдығы қандай деген мәселе төңірегінде жұмыс істеп жатырмыз,-дейді Жандос Ақыл.

Сонымен қатар ол елімізде электронды сервистердің дамуы, автоматтандырылған қызметтер мен мектептегі оқу тапсырмалары санының артуымен сапалы интернетке деген сұраныс күн сайын артып келе жатқанын жеткізді.

Осыған байланысты интернетке қосылу, байланыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Ауылды жерде байланыс операторларының антеналарын көбейту арқылы байланысты жақсарта аламыз. Кейбір тұрғындар байланыс антеналары ауру тудырады деп наразылық танытты. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы