Алматы облысының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында инклюзивті оқыту мәселесі бойынша Білім басқармасында тексеріс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық прокуратураның мәлімептінше, талдау барысында ерекше білім беруді қажет ететін 55 баланы оқытуға жауапты мұғалімдерге стационарлық емделу кезінде іс жүзінде көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін негізсіз төлемақы тағайындалғаны анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет бюджетінен негізсіз жұмсалған 4,5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Алматы облысының прокуратурасы тексеру жұмыстарын жалғастыруда және инклюзивті оқыту стандарттарын сақтау мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану әр балаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін еске салады.