Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іле ауданында коронавирустың 6 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысы Іле ауданында 6 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы да - бұған дейін сырқаттанған науқаспен байланыста болғандар. Олар - 1992, 1983, 1984, 1985, 1984, 1975 жылы туған азаматтар. Олармен 42 адам қарым-қатынаста болған. Олар оқшауландырылып, індет ошақтарына дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологичялық зерттеулер жалғасуда. 6 науқас Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды - делінген хабарламада.
Жалпы Алматы облысында індет жұқтырғандар саны -156-ға, ал жазылып шыққандар саны – 30 ге жетті.