Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

20 Қыркүйек 2022, 20:17
986
Бөлісу:
Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Әйелдер оларға бейтаныс ер адамның шабуылдағаны жайында хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. 

Екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған. Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткі әсерінен масаң күйде болғанын айтты.

 Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған фактілер ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы