Алматы облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

7 Сәуір 2022, 18:08
1109
Бөлісу:
Алматы облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпарат алаңы хабарлады.

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек аулында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бұл аудан бойынша Есік қаласында бой көтерген спорт кешенінен кейінгі екінші нысан болып саналады.  Екі қабатты ғимараттың ішінде, 180 орынға лайықталған көрермен залы, жаттығу мен бокс және күреспен шұғылдануға арналған залдар қарастырылған.

Аталған спорт нысаны шелектіктермен қатар іргелес жатқан ауыл жастарының қуанышын еселеп отыр. Өз кезегінде дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің бой көтеруі өңір спортының дамуына серпін берері анық.

Шелек ауылында бүгінгі күнде 15 мыңнан астам жастар мен жасөспірім бар. Тіпті үлкен кісілердің өзі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға құлшыныстары артып келеді. Сондықтан ауылға спорт кешенін салу ауадай қажет. Бұл жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне үлкен септігін тигізер еді, - дейді Шелек ауылдық округінің ақсақалдар және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Айтақынов.

Айта кету керек, кешен құрылысына 1 млрд 836 млн теңге бөлінген. Жоспар бойынша кешен 2023 жылы пайдалануға беріледі.
 

Өзгелердің жаңалығы