Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісінде Алматы облысының Іле ауданында гинеколог-дәрігер қайтыс болғаны туралы хабарлама тарады. Пост авторының сөзінше, оның өліміне коронавирустық инфекцияға қарсы екпе себеп болған. Бұл жалған, деп жазды stopfake.kz.
Қосөзен ауылының дәрігері COVID-19-ға қарсы егілмеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.
Ағымдағы жылдың бесінші наурызында Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылында 1965 жылы туған акушер ауырып қалды. Науқас 9 наурызда Жедел жәрдем бригадасымен фильтрге жеткізіліп, «Коды U 07.2 сол жақ өкпелік пневмония, сатурация 89%» диагнозымен ОАА инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. 23 наурызда ол қайтыс болды. Өлімнен кейінгі диагноз: «Жүрек-қан тамыр жүйесінің жетіспеушілігі», қайталама диагноз: «Коды U 07.2 анықталмаған пневмония». Марқұмға КВИ-ға қарсы екпе салынбаған, – деп хабарлады ведомстводан.
Оны дәрігер жұмыс істеген Іле орталық ауруханасында да растады. Олардың айтуынша, марқұмның медициналық қарсы көрсетілімдері болғандықтан, оған COVID-19-ға қарсы екпе жасалмаған.
Айта кетейік, Facebook-тегі посттың авторы кейіннен өзінің қателігін мойындап, «медицина қызметкері пневмониядан қайтыс болды, бірақ вакцина алмаған» деп жазды.