Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті тәркіленді

12 Ақпан 2024, 14:41
454
Бөлісу:
Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті тәркіленді
Фото: polisia.kz

Алматы облысында браконьерлерден 200 келі балық пен жабайы жануардың еті, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

9 ақпанда “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Нұрлы ауылының маңындағы Іле өзеніне жақын жерден үш резеңке қайықты анықтады. 

Тексеру барысында Еңбекшіқазақ ауданының 22 және 42 жас аралығындағы алты тұрғыны заңсыз аң аулаумен және балық аулаумен айналысқаны анықталды. Сондай-ақ екі қозғалтқышы бар үш қайық ,жалпы салмағы шамамен 200 келі болатын балық, жабайы жануардың еті табылып, тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Сонымен қатар аталған қайықты тексеру барысында 10 патрон және 12 калибрлі патрон оқ-дәрілері бар тіркелмеген қару кесіндісі, ішінде өсімдік құрамды ерекше иісті полиэтилен пакет және өзен түбінен тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау және балық аулау фактісі бойынша, сондай-ақ атыс қаруы мен есірткі затын заңсыз алып жүру және сақтау бойынша барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп толықтырды Әленов.

Өзгелердің жаңалығы