Балаларына жіті қарамаған ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18 Тамыз 2021, 22:00
983
Бөлісу:
Балаларына жіті қарамаған ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Іле ауданының Полиция басқармасына Боралдай кенті Водник шағынауданының 34 жастағы тұрғыны төбелес болғаны туралы айтып, хабарласқан. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады. Белгілі болғандай, көп қабатты үйдің ауласында 8 жастағы екі бала төбелескен, содан кейін олардың біреуінің 14 жастағы ағасы інісін қорғамақ болып, екінші баланы ұрған.

Қазіргі уақытта Іле аудандық ПБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері болған оқиға бойынша материалдарды жинау жұмыстарын жүргізуде, ол тәрбие сипатындағы шараларды қабылдау үшін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілетін болады.

Сонымен қатар, 14 жастағы баланың ата-анасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Балаларына жіті қарамаған ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазіргі уақытта бір аулада тұратын балалар мен ата-аналар өзара татуласқан, бір-біріне деген наразылықтары жоқ.


Өзгелердің жаңалығы