Алматы облысында балалар футболы дамып келеді

23 Қыркүйек 2020, 22:41
1877
Бөлісу:
Алматы облысында балалар футболы дамып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2012 жылдан бастап Талдықорғанда «Жетісу» кәсіпқой футбол клубы жанындағы балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы жұмыс істейді. Онда 13 жастағы балалар тегін жаттығады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда футбол орталығында 320 бала футбол ойынымен айналысады. Оның ішінде 2006-2007 жылы туылған қыздар командасы да бар. Жас футболшыларды «А», «В», «С» санаттарындағы тәжірибелі тәлімгерлер жаттықтырады. Жалпы, футбол орталығында 16 жаттықтырушы жұмыс істейді. Футбол орталығының тәрбиеленушілері қажетті футбол формасымен қамтамасыз етілген. 20 жиынтықтан тұратын спорттық жиынтықтар мен футбол доптары және басқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды (ойын және киім формалары, спорттық аяқ киімдер, рюкзактар) - делінген хабарламада.

Айта кету керек, облыстың футбол орталығының алты жас тобындағы балалар командалары футбол орталықтары мен академиялар

Өзгелердің жаңалығы