Қарасай ауданының тұрғындары әскерден келген сарбаздың құрметіне төбеге оқ жаудырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Қарулар тиісті сараптамаға жолданған.
Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданының Көксай ауылында орын алған оқ атқан жастар тарапынан бұзақылық әрекет фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Екі жас бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілп жатыр,- дейді Алматы облысының ПД.