Алматы облысында АӘК алатын көпбалалы ана сұлулық салонының тұсауын кесті

4 Қазан 2019, 15:12
2944
Бөлісу:
Алматы облысында АӘК алатын көпбалалы ана сұлулық салонының тұсауын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қапшағай қаласында көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алып және әлеуметтік келісімшарт аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, жеке ісін ашты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы біліп, 4 баланың анасы Әсия Алибаева Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына АӘК алу үшін құжаттарын тапсырды.

«21 тамызда Алибаевтар отбасына заңнама шеңберінде жалпы сомасы 1 млн. 346 мың 280 теңгеге ай сайынғы 112 мың 190 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ, біз оны әлеуметтік келісімшарт шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алатынын және әр түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуді ұсындық, оның ішінде ол шаштараз мамандығын таңдады», - деді облыстық ЖҚӘББ басшысы Зайда Ілімжанова.

Сонымен қатар, Әсияның күйеуі екінші деңгейлі банк филиалдарының біріне қауіпсіздік қызметінің қызметкері лауазымына тұрақты жұмысқа орналасты.

«Біздің төрт баламыз бар - екеуі мектеп оқушысы, екеуі мектепке дейінгі жаста. Әлеуметтік көмек алғанға дейін менің күйеуімнің тұрақты табысы болмады. Тапқан табысы біздің отбасымызға мүлдем жеткіліксіз болды. Курстарды аяқтағаннан кейін 505 мың теңге көлемінде грант алдым. Жақында мен бөлме жалдап, «Элит» шаштаразын аштым. Қазір менің салоныма алғаш ашылған күнге қарағанда көптеген клиенттер келуде. Жалдау біршама қымбат, бірақ менің ойымша, бұл қиындықтарды жеңуге болады», - деп бөлісті Әсия Алибаева.

Облыстық ЖҚҮӘББ ақпаратына сәйкес, тек Қапшағай қаласы бойынша бірнеше отбасы осыған ұқсас қиын жағдайдан шықты. Мысалы, АӘК алушы Ботагөз Оңғардың отбасы «Алуа» шаштаразын және Екатерина Маусынбаеваның отбасы кондитер мамандығы бойынша оқып, грант алып, «Азиз» кондитерлік дүкенін ашты.

«Біздің облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен барлығы 46 мың 969 отбасы қамтылған, олардың 4 мың 290 тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 427 қоғамдық жұмыстарға, 29 әлеуметтік жұмыс орындарына, 316 қысқа мерзімді курстарға, 42 әлеуметтік көмек алушы жастар тәжірибесіне жіберілді. 37 отбасының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілді. Бүгінгі таңда 10 мың 605 отбасы кедейлік шегін еңсеріп, қиын өмірлік жағдайдан шықты»,- деп түйіндеді Ілімжанова.

Сондай-ақ, облыстық ЖҚҮӘБ басқармасының басшысы жалпы, АӘК табысы төмен отбасыларға өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін, ал алушылардың көбі мемлекет есебінен қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтіп жатқанын, біз оларға жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жеке ісін ашуға көмектесеміз деп атап өтті. АӘК табысы төмен отбасылар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығу амалдарының бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК 2 млн. 87 мың 400 адам (405 мың 600 отбасы), оның ішінде 1 млн. 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% құрайды) тағайындалды. Алушылар құрамындағы көпбалалы отбасылар шамамен 40% құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлерінде, онда барлық алушылардың 67% дан астамы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында – 31 мың 700 отбасы.

2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд. 500 млн. теңге көзделген, оның ішінде 186 млрд. 100 млн. теңге республикалық бюджеттен және 18 млрд. 400 млн. теңге жергілікті бюджеттен. 144 млрд. 300 млн. теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы