Алматы облысы ТЖД-і төбешіктерде дұрыс сырғанау бойынша кеңес берді

21 Желтоқсан 2020, 13:02
2005
Бөлісу:
Алматы облысы ТЖД-і төбешіктерде дұрыс сырғанау бойынша кеңес берді

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы облысы ТЖД-і тау жоталарында сырғанау қауіпсіздігі жайлы кеңес берді.

Құтқарушылар балалармен белсенді қысқы демалысқа демалуға барар алдында оларға қауіпсіз жүріс-тұрысқа үйрету қажеттігін айтады.

Отбасыңғызбен сырғанақ тебуге барарда мына нұсқаулықты есіңізден шығармаңыз:

 - Алдыңғы бала сырғанап бітпейінше төбеден сырғанамаңыз.
- Ол сырғанап бара жатқанда, төменде қалмаңыз, тезірек кетуге тырысыңыз.
- Мұз жолдың үстімен жүгірмеңіз. 
- Қарлы немесе мұзды биіктікке көтерілу үшін арнайы белгіленген жермен ғана жүріңіз.
- Егер сырғанап келе жатқанда соқтығысатын жағдай болғанда (жолда ағаш, адам немесе басқа кедергі) онда қарлы жаққа құлауға немесе мұз бетінен алыстау жерге құлауға тырысуыңыз.
- Төбешіктерден аяқпен сырғанауға болмайды,  ол денсаулығыңызға зақым келтіреді.
- Ересектердің бақылауынсыз төбешіктерден сырғанауға болмайды.

Айта кетсек, жақында Алматы облысы Көксу ауданында төбешікте сырғанап жүрген 10 жасар қыз бала оқыс оқиғадан көз жұмған еді.

Өзгелердің жаңалығы