Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД-і тау жоталарында сырғанау қауіпсіздігі жайлы кеңес берді.
Құтқарушылар балалармен белсенді қысқы демалысқа демалуға барар алдында оларға қауіпсіз жүріс-тұрысқа үйрету қажеттігін айтады.
Отбасыңғызбен сырғанақ тебуге барарда мына нұсқаулықты есіңізден шығармаңыз:
- Алдыңғы бала сырғанап бітпейінше төбеден сырғанамаңыз.
- Ол сырғанап бара жатқанда, төменде қалмаңыз, тезірек кетуге тырысыңыз.
- Мұз жолдың үстімен жүгірмеңіз.
- Қарлы немесе мұзды биіктікке көтерілу үшін арнайы белгіленген жермен ғана жүріңіз.
- Егер сырғанап келе жатқанда соқтығысатын жағдай болғанда (жолда ағаш, адам немесе басқа кедергі) онда қарлы жаққа құлауға немесе мұз бетінен алыстау жерге құлауға тырысуыңыз.
- Төбешіктерден аяқпен сырғанауға болмайды, ол денсаулығыңызға зақым келтіреді.
- Ересектердің бақылауынсыз төбешіктерден сырғанауға болмайды.
Айта кетсек, жақында Алматы облысы Көксу ауданында төбешікте сырғанап жүрген 10 жасар қыз бала оқыс оқиғадан көз жұмған еді.