Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

28 Наурыз 2022, 20:21
2017
Бөлісу:
Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖД қызметі 29-31 наурыз аралығында тауда қар көшкін қаупі сақталатынын ескертті.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінінің ықтимал түсуіне байланысты қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларды сақтауды сұрайды.

Алматы облысының аумағында көшкін қаупі бар 109 учаске бар, олар: Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан, Ескелді аудандарында және Текелі қаласында, сондай-ақ Іле Алатауы жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауы тауларының солтүстік жотасында орналасқан.

Негізінен қар көшкіндерінің түсуі температуралық фонның жоғарылауы және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуі себебінен болады,-делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы