Алматы облысы екіге бөлінеді – Тоқаев

16 Наурыз 2022, 12:00
2810
Бөлісу:
Алматы облысы екіге бөлінеді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты.

Алматы агломерациясына қатысты түйіткілді мәселе көп. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес, - дейді Президент.

Оның сөзінше, облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді.

Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірге Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы