Алматы облысы биыл 180 жедел жәрдем көлігін сатып алған

2 Қараша 2020, 17:47
1657
Бөлісу:
Алматы облысы биыл 180 жедел жәрдем көлігін сатып алған

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында облыс әкімі Амандық Баталов Алматы облыстық медицина ұйымдарына 89 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешеннің кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Бұл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, еліміздің шалғайдағы және қатынауы қиын өңірлерінде тұратын ауыл халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындау негізінде іске асырылып отыр.

Жылжымалы медициналық кешендерде жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелік диагностика кабинеттері, жалпы тәжірибе жөніндегі дәрігер аймағы, дәріхана пункті, сараптама қабылдау аймағы және эксперттік кластағы портативті ультрадыбыс бар. Рентген мен флюорографияны қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус лифті бар.

Бұл ауылдағы мамандандырылған медициналық қызметкерлері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жетіспеушілігінің орнын толықтыруға мүмкіндік береді.  Облыстың шалғайдағы және жетуі қиын елді-мекендерінде тұратын азаматтарымызға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырады.

Осы қабылданып жатқан шаралар өңіріміздің медицина қызметкерлерінің жауапкершілігімен және кәсібилігімен бірге Жетісу тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және сақтауға елеулі үлесін қосады деп сенемін.

Биыл 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Бүгін біз осы жылжымалы медициналық кешендердің және 89 реанимациялық машиналардың кілттерін тапсырудамыз. Қалған көліктер ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жеткізіледі, - деді облыс әкімі А. Батталов.

Нәтижесінде, жыл соңына дейін облыстың санитарлық көліктер 80 пайызға жаңармақ. Жедел жәрдем бригадаларының саны 165-тен 205-ке дейін көбейеді.

Өзгелердің жаңалығы