Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Алматы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Алматы облысы әкімдігі 9 Шілде 2025 2025, 13:37
9 Шілде 2025 2025, 13:37
1286
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық полиция департаменті Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Өңірлік полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қаладан тыс жолдарда және тәуліктің қараңғы уақытында аса мұқият болуға шақырады, — деді полцияда.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Әсет Масабаевтың жол апатында зардап шеккенін растады. 
Ведомство мәліметінше, қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол есін біледі.

Медициналық көмек белгіленген хаттамаға сәйкес көрсетіліп жатыр, — деді басқармада.

Наверх