Алматы метросында жолаушының сөмкесінен екі оқ табылды

14 Қазан 2026, 10:56
АВТОР
 видеодан алынған кадр 14 Қазан 2026, 10:56
14 Қазан 2026, 10:56
124
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы метросының «Алатау» станциясында жолаушының сөмкесінен ойық ұңғылы қаруға арналған екі оқ табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, жолаушылардың заттарын рентген аппараты арқылы тексерген. Тексеру кезінде бір адамның сөмкесінен калибрі 5,45 миллиметр болатын екі оқ анықталып, тәркіленді.

Ер адам ұсталып, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх