Алматы мен Талғарда жер сілкінді

13 Маусым 2024, 23:06
724
Бөлісу:
Алматы мен Талғарда жер сілкінді
Фото: pixabay.com

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 13 маусымда Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, табиғи апат Алматы уақытымен 22 сағат 25 минутта болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқаны белгілі болды.

Анықталғандығы туралы мәліметтер (шкала бойынша): Алматы қаласында - 1,6 балл, Талғарда - 1,4 балл.

Бүлінген ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы