Алматының экономикалық өсімі 2022 жылы 5,1%-ды құрады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған 13%-ға өскен өңдеу өнеркәсібінің арқасында қолжетті. ШОБ-ты белсенді қолдаудың арқасында оның қала экономикасындағы үлесі 57,8% - ға дейін жетті. Ал Алматының республикалық бюджетті қамтамасыз етудегі үлесі 26,2%-ды құрады, - деді Асқар Әмрин.
Алматы еліміздің мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігінің төрттен бірінен астамын қамтамасыз етеді
Ол экономиканың өсуінің драйвері 13%-ға артқан өңдеу өнеркәсібі болғанын атап өтті. Қабылданып жатқан қолдау шаралары мегаполис экономикасындағы ШОБ үлесін 57,8%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Алматы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бірінен астамын қамтамасыз ететін донор болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматының үлесі 26,2%-ды құрады. 2022 жылы республикалық бюджетке 2 трлн 961,7 миллиард теңге түсім жіберілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 41,9-ды құрады, - деді Асқар Әмрин.
Оның айтуынша, жергілікті бюджетке 1 трлн 175,2 миллиард теңге түскен, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық. Түсімдердің қарқынды өсуі барлық бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті.
Алматы қаласына рекордтық көлемде инвестиция тартылды
Алматыда 2022 жылдың қорытындысы бойынша $7,6 миллиард тікелей инвестиция тартылды.
Өткен 2022 жыл ішінде экономиканың барлық салалары оң динамиканы көрсеткен.
Бұл туралы экономика басқарманың басшысы Дастан Өмірбаев айтты.
Мегаполистің іскерлік белсенділігі коронавирусттан соң толық қалпына келді, бұған Алматы экономикасына шетелдік инвестициялардың өсуі дәлел. 2021 жылмен салыстырғанда ол 12%-ды құрады: 1,4 трлн теңге тартылды.
Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша рекордқа қолжетті: жергілікті компаниялардың дамуына 7 7,6 миллиард астам инвестиция салынды. Шетелден ақша ағыны еңбек нарығына ынталандырушы әсер етеді: 2022 жылы 40 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Алматыда 2022 жылы 57 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев Алматы экономикасы сенімді түрде қарқын алып өсіп келе жатқанын айтты.
Өткен кезеңнің нәтижелері оң динамика туралы айтуға мүмкіндік береді.
2022 жыл ковидтік кезең әлеуметтік-экономикалық оңалтудың маңызды кезеңіне айналды. Алматыда іскерлік белсенділікті толық қалпына келтіруге,инвестициялық әлеуетті ұлғайтуға қолжеткізілді – шетел компанияларының қала экономикасына салымдарының ағыны 12%-ға өсті, 1,4 триллион теңге тартылды. Оң өзгерістерді еңбек нарығы көрсетуде: 2022 жылы 57,5 мың жұмыс орны құрылды. Мегаполис экономикасы 5,1%-ға өсті. 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға сәйкес Алматының даму жоспарының негізгі міндеттері кезең-кезеңімен іске асырылуда.
2022 жылы осы мақсаттарға 460 миллиард теңге бөлінді.
Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 42%-ға өсті
Алматының 2022 жылғы жергілікті бюджет кірісі 1 175,1 миллиард теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов.
Қала бюджетінің кірістер құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі, ол 164,2 миллиард теңге көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен асып, 1 122,1 миллиард теңгеге жеткен. 2021 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 332 миллиард теңгеге немесе 42%-ға ұлғайды. 2022 жылы салықтық емес түсімдер 16,5 миллиард теңге болды.
Негізгі капиталды сатудан түскен кірістер 36,4 млрд. теңгеге жетті, жоспар 23,8%-ға асыра орындалды.
Қаңтар оқиғасында бизнеске келтірілген залалмен байланысты жылдың ауыр басталуына қарамастан, әкімдіктің ШОБ-ты қалпына келтіру және қолдау бойынша уақытылы қабылдаған шаралары, сонымен қатар, МКД әкімшілендіруді жақсарту салықтан түсетін түсімдерді көбейтуде оң нәтижесін берді, - деді Алтай Бердіқұлов.
2022 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде 15,9% республикалық бюджеттен 224,1 миллиард теңге сомасында трансферттер (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсім), 0,6% - бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін түсімдер, 0,01% - қаржы активтері мен бюджет несиесін сатудан және 0,1% - бюджет несиесін өтеуден түсетін түсім. 2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша түсімдер 340,7 миллиард теңге болды, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,2 миллиард теңгеге немесе 69%-ға көп.
Алматы бюджетін жылына 50 млрд теңгеге қосымша толықтырылып отырады, қалай?
Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов айтты.
Айтуынша, соңғы 5 жылда Алматы қаласының бюджеті едәуір өскеніне қарамастан, оны толықтыруда барлық резерв тартылған жоқ. Бюджетті қосымша толықтыру әдістерінің ішінде қаланың сауда базарларын көлеңкелі сектордан шығару, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарау, заңсыз жарнама орналастырудың жолын кесу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды көбейту аталды.
Аталған бұл шараларға жүргізілген талдауға сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін жыл сайын 50 миллиард теңгеге дейін қарастыруға мүмкіндік береді, - деді Алтай Бердіқұлов.
2022 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған Алматы бюджетінің шығысы 30%-ға өсті
Бұл туралы қалалық Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында жалпы бюджеттің үлесі 3,4% – 44,5 миллиард. теңге игерілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10,1 миллиард теңгеге немесе 29,6%-ға артық, - деді ол.
Оның мәліметінше, 2022 жылы 5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, аз қамтылған отбасыдан шыққан 8 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрінде қолдауға ие болды. Тұрғын үй көмегі 1,5 мыңнан астам отбасына көрсетілді. Сонымен қатар, 36 мың адам 16 бағыт бойынша әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілген.
Ерекше қажеттілігі бар 28 мыңнан астам азамат оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген, - деді Қанат Сухамбеков.
Ерекше күтімді қажет ететін 5,8 мың қала тұрғыны санаторлы-курорттық емделуге жіберілді. Инклюзивті білім берумен 4 632 бала қамтылды. Қалада психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның 17 кабинеті жұмыс істейді, онда 15,5 мың бала тексеруден өтті. Әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын дамыту аясында 2022 жылы Алатау ауданының «Томирис» ш/а-да белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін жедел әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы аяқталды.
Алматы қаласындағы мектеп, балабақша, тұрғын үй, денсауық сақтау мәселесі
әлеуметтік тұрақтылықтың басымдығы
2022 жылы Алматыда мектептерде 18 мыңнан астам және балабақшаларда 7 мыңнан астам орын пайда болды, Алматы қаласы экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев хабарлады.
Жаңа білім беру мекемелерінің ашылуы оқушы орындарының тапшылығын 36%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық – мегаполисті дамытудың басым бағытының бірі.
Денсаулық сақтау саласында ауруханалар мен емханаларды заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
2022 жылы осы мақсаттарға 15,3 млрд теңге жұмсалды, 7 нысан бойынша жобалық құжаттама әзірленді.
3,5 мыңнан астам маман білімін жетілдіру үшін біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мәдениет саласында 700-ден астам іс-шара өткізілді. Оларға 1 миллионға жуық адам қатысты. 2022 жылы 56 мыңнан астам бала тегін шығармашылық және спорттық үйірмелермен қамтылды.
Бұған қоса, Алматыда Жетісу ауданының «Кемел», «Құлагер» және «Айнабұлақ-2» ш/а 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2026 жылға қарай Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы қажетті деңгейге дейін азаяды
Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.
Қалада 320 601 оқушы оқитын 313 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 292 015 оқушы білім алатын 214 мемлекеттік мектеп және 28 586 оқушыны қамтыған 99 жекеменшік мектеп бар.
Жыл сайын оқушылар саны демография мен ішкі көші-қон есебінен орта есеппен 12-14 мың балаға өседі.
Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар, 5570 орындық 11 нысан іске қосылады. 2026 жылға қарай оқушы орнының тапшылығы жыл сайынғы өсімді ескере отырып, қажетті деңгейге дейін азаяды, - деді Ләззат Жылқыбаева.
Осыған орай, 2022 жылы Алматыда 20 орта білім беру нысаны мен 108 балабақша пайдалануға берілді.
Алматыда 2022 жылы 1,7 млн шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылды
2022 жылы қалада 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 410 километрден астам инженерлік желілер салынды және қалпына келтірілді.
2021 жылмен салыстырғанда су құбыры коммуникацияларының тозуы 3,1%-ға, кәріз желілерінің тозуы 2,3%-ға төмендеді.
Мұндай мәліметтерді экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев айтты.
2022 жылы Алматының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 160 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жалпы бюджеттің үлесінен 12,4% – 160,3 миллиард теңге бағытталды, 2021 жылмен салыстырғанда өсім 3,6 миллиард теңге немесе 2,3%-ға тең.
Бұл туралы Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.
Жастарды қолдау аясында 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен 469 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қалалық әлеуметтік инфрақұрылымның 27 нысанына инженерлік желілердің құрылысы аяқталды.
Алматыда 4 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп жатыр
Бұл туралы Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.
4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимараттарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде Алатау ауданының" Саялы"," Қарасу", ш/а, Жетісу ауданының Кемел" ш/а, Түрксіб ауданының "Нұршашқан" шағын ауданының тұрғындары сапалы дәрігерлік көмек алатын болады, - деді ол.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ғимаратының құрылысы жүргізілуде және "Қалалық кардиологиялық орталық"ШЖҚ МКК күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, Жетісу ауданының" Айнабұлақ-3" ш/а №11 емхана ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту аясында 2022 жылы қаланың медициналық ұйымдарына 726 медициналық жабдық және 6 мұздатқыш камера сатып алынды және жеткізілді.