Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген

25 Қыркүйек 2022, 11:44
1352
Бөлісу:
Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген
PHOTO

Дәстүрлі Алматы марафоны 11-рет өтіп жатыр, оған әлемнің 30-дан астам елінен спортшылар келген деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ірі жарысқа Қазақстаннан, сондай-ақ әлемнің 30-дан астам елінен, соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Кения, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдерден 15 жасқа толған 12 мыңға жуық әуесқой спортшы қатысып жатыр.

Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген

Марафонға қатысушылар классикалық марафон қашықтығында (42,2 км), сондай-ақ 21,1 км, 10 км бойынша  жарысады. Сонымен қатар, ниеттенушілер 10 км қашықтықты скандинавиялық жүріспен немесе Экиден эстафетасына қатысу арқылы игере алады. Сондай-ақ, биыл «Алматы марафоны» аясында марафон мен 10 шақырымға жүгіруден ҚР чемпионаты өтеді.

Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген

Барлық жас санаттарында ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар  үштігі медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталады. 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарда абсолюттік санаттардағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады. Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медальдар табыс етіледі.

Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген

Қатысушылардың бастапқы жарналарынан жиналған қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар дәстүр бойынша қайырымдылық мақсаттарына жұмсайды.

Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген

Almaty.tv мәліметінше, «Алматы марафоны» AIMS халықаралық старттар мен жүгіру қауымдастығына кіреді, марафон трассалары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Алматы марафонына 30-дан астам елден спортшылар келген
Өзгелердің жаңалығы