Бүгін, 2025 жылғы 10 мамырда сағат 20:35-те (Астана уақытымен) ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 35 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 42.916° солтүстік ендік, 76.766° шығыс бойлық.
Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы келесі аймақтарда сезілді:
Алматы қаласында – 2 балл,
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында – 2 балл (Байтұрсынов көшесі аумағында),
Қарғалы ауылында – 2 балл.
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат тіркелмеген. Жергілікті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.