Алматы маңында жер сілкінді

28 Наурыз 2022, 09:28
1459
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 наурыз күні 06 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 4,9. Тереңдігі - 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ

Өзгелердің жаңалығы