Алматыда көз жұмған науқастың қосалқы аурулары көп болған

26 Сәуір 2020, 16:50
1516
Бөлісу:
Алматыда көз жұмған науқастың қосалқы аурулары көп болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында көз жұмған 97 жастағы науқастан коронавирус 25 сәуірде анықталған, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.

Науқастың өліміне негізгі аурулары себеп болған. Атап айтқанда, ми қанайналымының жіті бұзылуы, сол жақты гемиплегия, ХИБС, ишемиялық кардиомиопатия, қарыншалық экстрасистолия, дизартрия, тыныс алу мен жүрек-қантамырдың жіті жеткіліксіздігі, сол жақты пневмония. Жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Жүргізілген ем шараларына қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, полиоргандық жеткіліксіздік белгілері байқалған. Таңғы 08:05-те тыныс алу мен жүрек қызметі тоқтаған. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық іс-шаралардың еш нәтиже бермеді. 26 сәуірде сағат 08:35-те биологиялық өлім тіркелді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қайтыс болған науқас ауру жұқтырғандармен контактіде болған адам ретінде провизорлық стационарда негізгі ауруларынан емделіп жатқан.


Өзгелердің жаңалығы