Алматы көшелерінде көкпар шапқандар видеоға түсіп қалған

14 Тамыз 2023, 19:15
591
Бөлісу:
Алматы көшелерінде көкпар шапқандар видеоға түсіп қалған
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Алматының Құлжа тасжолында он шақты адам көкпар шапқаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Egovpress Telegram-каналындағы көкпаршылардың видеосы бірден тәртіп сақшылардың назарына іліккен. Қазір Алматы қаласы Полиция департаменті "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. 

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полицейлер Талғар ауданындағы жолда түсірілген видеоға тап болды. Онда 10 адам жол қозғалысына кедергі жасап, ұлттық ойын - көкпар шауып жүргенін көруге болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар ПД мәліметінше, аталған іс материалдары сотқа жолданады. Сот шешіміне сәйкес кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылады.

Өзгелердің жаңалығы