Алматы көшелерінде автоматты суару жүйесі орнатылады

14 Қыркүйек 2023, 10:13
534
Бөлісу:
Алматы көшелерінде автоматты суару жүйесі орнатылады
Фото: Мақсат Рысбеков - архив

Жасыл аймақтардың суарылуын ұлғайту үшін ұзындығы 38 км 13 магистральды көше бойына автоматты суару жүйесін орнатылмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджет қаражатынан 99,3 млн теңге бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV-ші тоқсанында аяқталады деп күтіледі,- дейді қала әкімі. 


Еске сала кетейік, автоматты суару жүйесі өсімдіктердің тиімді өсуі мен дамуына мүмкіндік береді.
 

Өзгелердің жаңалығы