Алматының Индустриалдық аймағында биыл 9 жоба іске қосылады

18 Тамыз 2020, 18:06
2120
Бөлісу:
Алматының Индустриалдық аймағында биыл 9 жоба іске қосылады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Алматы – Индустриалдық аймағы" ЖШС-нің директоры Берікбол Мәндібаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Оның айтуынша, жылдың соңына дейін 1 100 жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 30,1 млрд теңге сомасына 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл автокөлік шығаратын "Hyundai Trans Kazakhstan" зауыты, медициналық мақсатта диагностикалық тест шығаратын "Каз-Диа-Тест", автоклав газ-бетон шығаратын "Г.С.Г. Высотник", жылу газоблоктарын шығаратын "СК Рахат", табиғи тастан өнім шығаратын "Сити Стоун", орташакернеулі таратушы құралдарды шығаратын "ТЕХНОКОНТ", электротехникалық құралдарды шығаратын "Электробар", желдету жүйелерін өндіретін "КазПромВент", жылу оқшаулайтын материалдар шығаратын "SAVENERGY".

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.09.58 (1).jpeg

Алматының Индустриалдық аймағы 2012 жылы құрылған. 2015 жылы "Индустриалдық аймақ - Алматы" ЖШС Басқарушы компаниясының негізі қаланды. Оның жалпы аумағы 490 га құрайды, оның ішінде жобалар үшін 326 га (164 га инфрақұрылымға) бөлінген. Бүгінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 273 га бөлініпті.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.09.59.jpeg

Бес жылда Алматының Индустриалдық аймағында жалпы сомасы 69,6 млрд теңге болатын 13 кәсіпорын пайдалануға берілген. 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 2 млрд теңгеге салық төленіпті, одан бөлек 63,3 га жер игерілген. Тағы 47 жоғары технологиялық жоба жүзеге асырылу кезеңінде және алдағы жылдары іске қосылады.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.13.jpeg

Индустриалдық аймақта іске асқан жобаларға тоқталсақ, мәселен 2016 жылы қуаттылығы жылына 7 мың тоннадан астам көкөніс өндіретін жылыжай кешені пайдалануға берілген. 2017 жылы 2 жоба жүзеге асырылған, ол қағаз қаптарды және кеңсе техникалары үшін картридждер шығаратын зауыт. 2018 жылы да 2 жоба жүзеге асырылған. Олар инженерлік қауіпсіздік жүйелерін өндіру зауыты және кабельді өнімдерді шығару зауыты. Ал, 2019 жылы 7 жоба жүзеге асырылыпты. Олардың қатарында скотч және стрейч-пленка өндіретін зауыт, полимерлі өнімдерді өндіретін зауыт, жылу және сумен қамту құралдарын өндіретін зауыт, үлкен диаметрлі балқытылатын болат құбырларды өндіретін зауыт, энерготиімді архитектуралық қасбеттерді өндіретін зауыт, ет және жартылай фабрикат өнімдерді шығаратын зауыт медициналық мақсаттағы өнімдерді шығаратын зауыт бар.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.04.jpeg

2020 жылдың шілде айында металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпаларды шығаратын "ДорХан-Алматы" ЖШС кешенінің құрылыс жобасы іске қосылған. Аталған мекеменің сату бөлімінің директоры Алексей Ленский өндіріс орнының қуаттылығы 12 125 бірлік екенін айтты.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.07.jpeg

Біз өткен жылы Индустриалдық аймақпен келісім жасасып, кешеннің құрылысын бастап кеттік. Бір жыл ішінде екі цех жасадық. Бұл жерде жылжымалы қоршау мен автоматты қақпалар жасаймыз. Қазір күніне 50-ге жуық қақпа және 80-дей жылжымалы қоршау өндіреміз. Алдағы уақытта аумақты кеңейте түсуді жоспарлап отырмыз, яғни дала қақпалары мен автоматты есіктер шығаруды қолға аламыз. Біздің компания 160-қа жуық өнім түрін шығарады. Осы цехтың ашылуымен 50 адамды жұмыспен қамтыдық, - дейді Ленский.
WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.09 (1).jpeg

Индустриалдық аймақта жұмыс істеп жатқан өндіріс орынның тағы бірі "ЭНКО" ЖШС-і. Жылу және сумен қамтамасыз ету құралдарын өндіретін зауытта 80-нен астам адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың өндірістік бөлім басшысы Михаил Сверь карантин кезінде өнім шығару 50 пайызға төмендеп кеткенін айтты.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.19.jpeg

Карантин кезінде жұмыс тоқтап қалды. Тапсырыс та азайып кетті. Мамыр айынан кейін толық құрамда жұмыс істей бастадық. Біздің зауытта 20-ға жуық өнім шығарылады. Негізінен тапсырысқа қарай өнім шығарамыз. Жыл сайын өнімнің мөлшері де артып келеді. Қалада құрылыс жұмыстары көбейген сайын біздің өнімге сұраныс та артып отыр, - дейді ол.
WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.01.jpeg

Алматы Индустриалдық аймағында құрылыс заттарын шығаратын зауыттармен қоса ет өнімін өңдейтін цехтар да жұмыс істеп жатыр. Соның бірі шұжық, ет өнімдерін және жартылай фабрикаттарды шығаратын "Бижан ет өңдеу зауыты" ЖШС-і. Жылына 3500 тонна өнім шығаратын зауытта 250-ден аса адам жұмыс істейді екен. Зауыттың бас директоры Хадиша Бижан зауытты саларда Үкіметтік бағдарлама арқылы жеңілдетілген кредит алғанын атап өтті.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.11.22 (3).jpeg

Тамақ өндірісінде болғандықтан біз тазалық жағына қатты мән береміз. Ол сатып алушылар алдындағы біздің міндетіміз. Қазіргі карантин кезінде тазалық сақтау жағы тіптен күшейтілді. Карантин кезінде жұмыс тоқтаған жоқ. Өйткені біз Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалалар мен өзге облыстарды қамтамасыз етіп отырмыз. Индустриалдық аймақ әрдайым жағдайымызды біліп, көмек көрсетіп отырады. Мына зауытты салар кезде "Даму" Қоры арқылы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасымен кредит алдық. Бұл Үкіметтің кәсіпкерлерді қолдау үшін жасап отырған қолдауының бірі, - дейді директор.
WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.11.22 (1).jpeg

Жалпы "Бижан" зауытының негізі 1998 жылы қаланған. Содан бері Қазақстан нарығында шұжықтар мен ет өнімдерін шығарып келеді.

Көкшетау қаласында ет өңдеу кешеніміз бар. Ол жерде ірі қара және ұсақ малдарды союмен айналысатын кешен жұмыс істейді. Жақында Ақмола облысында 5 мың ірі қараға есептелген бордақылау кешені іске қосылды. Оның еттері Алматы және Көкшетау қаласындағы екі зауытқа жеткізіледі. Одан бөлек, еліміздің әр өңірінде фирмалық дүкендеріміз бар, - дейді Хадиша Бижан.
Алматының Индустриалдық аймағына 261 млрд теңгеге барлығы 60 компания қатысады екен. Оның ішінде 18-і шетелдік қатысушылармен 8,5 мың жұмыс орны құрылған. "Алматы – Индустриалдық аймағы" ЖШС-нің директоры Берікбол Мәндібаев 2021 жылы және одан кейінгі жылдары 5,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру арқылы 160 млрд теңге сомасына 38 жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.21.jpeg

Шағын өндірістік парктерді дамыту жобасы "Алматы бизнес – 2025" шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда, оның аясында қала аумағында өндірістік ғимараттар инвесторлармен немесе өндірістік базалардың меншік иелерімен салынады. Өндірістік ғимараттар ШОБ субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен, яғни 5-7 жылға дейінгі мерзімге девальвациялық қауіпке қарамастан беріледі. Ғимаратты жалға алу құны шаршы метр үшін 1000-1200 теңгені құрайды. Ғимаратты сатып алу құны шаршы метр үшін 145 000 теңге. Алматы қаласы аумағындағы Индустриалды аймақ аумағындағы шағын өндірістік паркке қатысуға 70-тен астам компания қызығушылық білдірген, - дейді ол.
WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.03.jpeg

Сөз арасында ол кәсіпорындарды Индустриалдық аймаққа алу кезінде қандай критерийлер бойынша қаралатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.22 (1).jpeg

Индустриалдық аймаққа, әсіресе, өнімін экспортқа шығаруды көздеп отырған кәсіпорындар алынады. Сондықтан мұнда орналасқан өндіріс орындарының барлығы экспортқа бағытталған. Қазіргі таңда "BRBAPK" ЖШС-і табысты жұмыс істеуде. Бұл Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені, олар томат өндіріп жатыр. Аталған компания өнімдерін Ресей, Қырғызстан сияқты көрші елдерге шығаруда. Сондай-ақ, электр жабдықтарын шығаратын "ТЕХНОКОНТ" компаниясы да Ресейдің бірнеше кәсіпорнымен келісім жасасқан. Оған қоса инженерлік қауіпсіздік желілерін өндіретін "TOKYO ROPE ALMATY" ЖШС-і де өз өнімдерін ішкі және сыртқа нарыққа шығаруда, - дейді Берікбол Мәндібаев.
Мәндібаевтың айтуынша, Алматы Индустриалдық аймағында кәсіпкерлерге тек жер ғана беріліп қоймайды, онда қажетті инфрақұрылымның барлығы іске қосылған.
WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.00.jpeg
Бұл аймақта су, газ, электр қуаты тартылған. Одан бөлек, аумақтың өзіне тиесілі темір жол станциясы бар. Бұл ірі жобалар үшін өте тиімді. Электр энергиясының тарифі де Алматыға қарағанда арзан. Сондай-ақ, бір терезе қағидаты бойынша көлік-логистикалық орталық жұмыс істейді. Бұл құжаттарды рәсімдеуге аз уақыт жұмсауға бағытталған. Оған қоса, қала маңында орналасқандықтан өндірістен тауарды жөнелтуге дейінгі аралық ұзақ емес, бұл өнімнің өзіндік құнына әсер етеді, - дейді ол.
WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.09.59 (1).jpeg

Алматы Индустриалдық аймағын дамыту стратегиясын белсенді жүргізу арқылы мамандар бірқатар нәтижеге қол жеткізуді көздеп отыр. Оның қатарында Алматы қаласында толыққанды өнеркәсіп ауданын құру, қаланың ЖІӨ орташа жылдық өсімін қамтамасыз ету, ЖІӨ құрылымында шағын және орта кәсіпкерлік үлесін ұлғайту, негізгі капиталға инвестициялардың жыл сайынғы көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру.

WhatsApp Image 2020-08-18 at 17.10.05.jpeg

Өзгелердің жаңалығы